Ақылымның, Шаһкәрім Қажының және Ұлы Абайдың, Көңіліммен Тіл Табыса Алмауы.
"Алдымызда жақсы дүниелердің бізді күтетіндігін біліп алғанда, яғни, бұған сеніп, үміттерімізді үзбестен болашақтың жарқын күндерін сабырмен күтіп жатқанымызда, тағдырымызға мақұл болып мойынсұнғанымызда, әуре етерлік еш нәрсе қалмас." Дейді, ақылым. Және: "Бұрын сен күтпейтін жаңалықтар, жақсылықтар қалай сені тапқан болса, дәл солай, тағы да нәсібің, ырызығың сені табады - сен күтпейтін шақта, бәлкім сен білмейтін жақта!" Деп жалғастыра береді. (Көңілім, бұған - ақыл қатыра береді, дейді.) Бір ұсыныс жасайды, яки, басқаша айтқанда - жол көрсетеді маған, өзінше. Оның үстіне, зиялылардың қарсы шыққан дұшпандарына қараймын, ол дұшпандардың ең ірісі, меніңше - еріншектік. Шаһкәрім қажының бір сөзі есіме түседі сосын. — Талаптан да білім мен өнер үйрен, өміріңді сарп қыл. дейді ол. Ағасы Абайдың үні де оның артынан жетіп, екеуі мені аттан құлатқандай етіп, екеуі мені жерге шалады: — Адам баласының ең жаманы - талапсыз. Бірақ ақылым ұсыныс жасап, жол көрсеткенде, зиялыл...